«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы: Ақмола облысының тұрғындарына тәулік бойы көмек

    «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы: Ақмола облысының тұрғындарына тәулік бойы көмек

    Ақмола облысының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері бойынша «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

    Байланыс орталығы келесі бағыттар бойынша өтініштерді қабылдайды:

    ·Электрмен жабдықтау— кернеудің ауытқуы, электр энергиясының өшуі;

    ·Сумен жабдықтау— судың болмауы, су қысымының төмендігі;

    ·Жылумен жабдықтау— жылыту батареяларының суық болуы, жылу желілеріндегі апаттар;

    ·Лифт шаруашылығы— лифттердің істен шығуы және тоқтап қалуы;

    ·Аулаларды абаттандыру және санитарлық тазалау;

    ·Құдықтар мен люктердің жай-күйі;

    ·Жол инфрақұрылымы— жолдар мен тротуарлардың жай-күйі және оларды жөндеу қажеттілігі;

    ·Қоғамдық көлік— маршруттар мен қозғалыс кестесіне қатысты мәселелер;

    ·Ветеринариялық қызмет— қараусыз қалған жануарларды аулау;

    ·Туристік нысандар— Ақмола облысының туристік көрікті жерлері туралы ақпарат.

    Бірыңғай байланыс орталығына 109 тегін нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қызмет тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

    Сонымен қатар, байланыс орнатудың қосымша арналары қолжетімді:

    ·Telegram-бот: @IKOMEK109AQMOLABOT;

    ·Instagram: @ikomek109aqmola.

    «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы — туындаған мәселе туралы хабарлаудың, қажетті ақпарат алудың және оны шешу үшін өтініш жолдаудың ыңғайлы тәсілі.

    Байланыс деректерін сақтап, жақындарыңызбен бөлісіңіздер!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімдігі" жаңалықтары