АСҚАЗАНҒА КҮРДЕЛІ ОТА: ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН СУБТОТАЛДЫ РЕЗЕКЦИЯ ОРЫНДАЛДЫ

    1 / 2

    Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада асқазан-ішек жолдарынан қан кету диагнозымен шұғыл жеткізілген науқасқа күрделі жоғары технологиялық хирургиялық операция жасалды. Аурухананың қабылдау бөліміне асқазан-ішек жолдарынан қан кету белгілерімен түскен науқасқа жасалған диагностиканың нәтижесінде асқазанның кіші иірімінде көлемі үлкен ойық жара анықталды.

    Мамандар науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, операция жасау туралы шешім қабылдады. Қажет дайындық жүргізіліп, науқастың келісімі алынғаннан кейін эндовидеолапароскопиялық әдіспен асқазанның субтоталды резекциясы, оментэктомия және D2 лимфодиссекциясы операциялары жасалды.

    Отадан кейін науқас бір тәулік бойы жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі уақытта хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Жалпы жағдайы тұрақты.

    Айта кетейік, Шымкент қаласында асқазан резекциясын лапароскопиялық әдіспен орындайтын медициналық ұйым – қалалық №1 клиникалық аурухана. Бұл әдіс операциялық жарақатты азайтып, науқастың оңалу кезеңін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Күрделі отаның заманауи аз инвазивті әдіспен орындалуы аурухананың хирургиялық қызметінің әлеуеті мен мамандардың кәсіби біліктілігін көрсетеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары