Павлодар ауданында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымының жай-күйіне жүйелі түрде тексеру жүргізуде.
Тексеру барысында балалардың жолдағы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселелерге баса назар аударылады. Атап айтқанда, жол белгілері мен таңбаларының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жасанды жол кедергілерінің, көше жарықтандыруының, тротуарлар мен мектептерге апаратын жолдардың жағдайы зерделенеді.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша жауапты ұйымдарға тиісті нұсқамалар жолданып, оларды уақтылы жою және жол инфрақұрылымын талапқа сай қалыпқа келтіру міндеттеледі.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік!
Полиция жүргізушілерді білім беру ұйымдарының маңында барынша сақ болуға, белгіленген жылдамдықты сақтауға және жолда балалардың кенеттен пайда болуы мүмкін екенін ескеруге шақырады.
Әрбір баланың мектепке барып-қайту жолы қауіпсіз болуы тиіс!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









