Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту сервисін 729 қазақстандық пайдаланды

    Еңбекминистрлігі2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды

    Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдаған. Бұл – әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы өзара ынтымақтастық қағидаттарының көрінісі, яғни өзін және отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартуды жөн көрген.

    Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тетігі атаулылық қағидатына негізделеді.Көмек бірінші кезекте оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталады.Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту сервисін 729 қазақстандық пайдаланды

    «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Ол тек әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алушыларға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жекелеген әлеуметтік қолдау түрлерінен бас тарту туралы электрондық өтінішті өз бетінше беруге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – азаматтың міндеті емес, тек өз еркімен қабылдайтын шешіміекенін атап өту керекСервисең алдыменматериалдық жағдайы жоғары және ауқатты санатқа жататын, отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға арналған.

    Өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда азаматтар тиісті мемлекеттік қолдауды қайта тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту сервисін 729 қазақстандық пайдаланды

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сервистің тек электрондық үкіметтің ресми платформаларында – eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында қолжетімді екенін еске салады.

    Азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тек ресми ақпарат көздерін пайдалануға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары