Ұжымдық шарт
Ұжымдық шарт
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде еңбек заңнамасының,
оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттауды бақылау, өндірістік жарақаттану себептеріне талдау жүргізу.
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
АшуҰжымдық шарт
Ұжымдық шарт
Еңбек шарты
Еңбек шарты
Еңбек тәуекелдерінің картасы бойынша есеп
Еңбек тәуекелдерінің картасы бойынша есеп
0,5 ставкадағы жұмысқа еңбек шарты қалай жасалады
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 70-бабына сәйкес, еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім бойынша жұмыскерге толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
Жұмыс беруші еңбек шартын жасамаса не істеу керек
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қатынасында деп есептелінеді. Осыған байланысты жұмыс берушіге де, жұмыскерге де жұмысқа нақты жіберілген күннен бастап еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері толық көлемде жүктелді деп есептеледі. Сондықтан жұмыскерге жұмыс берушіден еңбек шартының қол қойылған данасын талап ету ұсынылады. Егер жұмыс беруші еңбек шартын ресімдемесе, өңірлік еңбек инспекциясы департаменттеріне немесе сотқа дәлелді негіздемелермен бірге арыз жазуға болады.
Жұмыстан шыққан кезде өтемақының төленуі заңды ма
Жұмысынан айрылғаны үшін өтемақы төлемі еңбек шарты бұзылған жағдайда (ҚР ЕК 131-бабының 1-тармағы) жұмыскерге 1 айлық орташа жалақы мөлшерінде төленеді. Маусымдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыскер жұмыстан босатылған кезде, ұйымның таратылуына немесе жұмыскерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты өтемақы 2 апталық орташа жалақы мөлшерінде төленеді (ҚР ЕК 134-бабының 8-тармағы). Жұмыстан айрылғаны үшін өтемақы 2 айлық еңбекақы мөлшері жағдайында төленеді (ҚР ЕК 131-бабының 2-тармағы) Сонымен қатар, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде жұмысынан айрылғаны үшін өтемақы төлемдерінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін (ҚР ЕК 131-бабының 3-тармағы). Жұмыстан босатылған кезде өтемақы, негізінен пайдаланылмаған демалыс күндері үшін, сондай-ақ қатаң белгіленген жағдайларда (жұмыстан босату немесе тарату) жұмыстан шығу өтемақысы беріледі. Өтемақы еңбек шарты бұзылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде төленеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерге HR Enbek порталы арқылы қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – ЖОМС шарты) жасасу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы жолданатын хабарламалардың қалыптастырылу тәртібін түсіндіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. ЖОМС шартын жасасу – заңнамада белгіленген міндетті талап. Міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген. HR Enbek порталындағы хабарламалар ақпараттық жүйе қолданыстағы ЖОМС шарты туралы тиісті мәліметтердің жоқ екенін анықтаған жағдайда автоматты түрде қалыптастырылады. Хабарламаларды қалыптастыру кезінде HR Enbek порталында тіркелген қолданыстағы еңбек шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ Бірыңғай сақтандыру дерекқорынан келіп түсетін және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграцияланған ЖОМС шарттары туралы ақпарат пайдаланылады. Бұл ретте хабарламаның алынуы жұмыс беруші тарапынан заңнама талаптарының бұзылғанын автоматты түрде білдірмейді. Хабарлама ақпараттық жүйе анықтаған мәліметтер арасындағы сәйкессіздік туралы мәлімет береді және жұмыс берушіге ақпаратты уақтылы тексеріп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беру мақсатында жолданады. Сәйкессіздіктер, оның ішінде, жақында жасалған немесе ұзартылған ЖОМС шарты туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерге әлі келіп түспеуіне немесе жаңартылмауына байланысты туындауы мүмкін. Хабарлама алған жағдайда жұмыс берушілерге: егер ЖОМС шарты жасалмаған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған болса – белгіленген тәртіппен шарт жасасу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін сақтандыру ұйымына жүгіну; егер ЖОМС шарты жасалған және қолданыста болса – оның қолданылу мерзімін, жұмыскерлерді қамту толықтығын және шарт туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелердегі мәліметтерге сәйкестігін тексеру ұсынылады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда деректерді нақтылау және жаңарту үшін сақтандыру ұйымына жүгіну қажет. ЖОМС шарты жақында жасалған немесе ұзартылған болса – сақтандыру ұйымы мәліметтерді бергеннен кейін және ол тиісті өңдеуден өткеннен кейін түсетінін ескеру қажет. Осыған байланысты HR Enbek порталындағы ақпараттың жаңартылуы белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы мүмкін. Келіп түскен хабарламалар жұмыс берушінің жеке кабинетінде сақталады. Хабарлама қайталап келген жағдайда жұмыс берушіге ЖОМС шарты туралы мәліметтердің берілу және жаңартылу мәртебесін нақтылау үшін сақтандыру ұйымына жүгіну ұсынылады. Министрлік хабарламаларды жіберу ақпараттық-профилактикалық сипатқа ие екенін және жұмыс берушілерді заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы уақтылы хабардар етуге, сондай-ақ қызметкерлердің сақтандырылуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді. Жұмыс берушілерге ЖОМС шарттарының бар-жоғын және қолданылу мерзімін уақтылы тексеру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі қызметкерлерді сақтандыру туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ету ұсынылады.
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі