Жұмыс беруші еңбек шартын жасамаса не істеу керек
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қатынасында деп есептелінеді. Осыған байланысты жұмыс берушіге де, жұмыскерге де жұмысқа нақты жіберілген күннен бастап еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері толық көлемде жүктелді деп есептеледі. Сондықтан жұмыскерге жұмыс берушіден еңбек шартының қол қойылған данасын талап ету ұсынылады.
Егер жұмыс беруші еңбек шартын ресімдемесе, өңірлік еңбек инспекциясы департаменттеріне немесе сотқа дәлелді негіздемелермен бірге арыз жазуға болады.