2026 жылғы 5 қарашада алғашқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Ақжайық ауданында өткізген көшпелі отырысы барысында 14 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі әзірленді

    Сонымен қатар, Ақжайық ауданының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының төрағасы мен жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мүгедектік көрсеткіштері, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалар және проактивті сырттай куәландыруды жетілдіру мәселелері» тақырыбында түсіндіру дәрісі өткізілді.

    Кездесу барысында проактивті сырттай куәландыруға жолдау үдерісіне бақылауды күшейту бойынша хаттамалық ұсынымдар беріліп, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалардың себептері жан-жақты талданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары