1 / 2
Тохтаров ауылдық округінің әкімі Жусупов А.А. ауыл тұрғындарымен сумен жабдықтау жүйесін жөндеу және қайта жаңғырту мәселесі бойынша жиын өткізді.
Кездесу барысында тұрғындарға жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, жобаны іске асырудың қазіргі жағдайы туралы ақпарат беріліп, су құбырын жөндеу және қайта жаңғырту аясында алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар түсіндірілді.
Тұрғындардың сұрақтарына тиісті түсініктемелер беріліп, жұмыстарды аяқтау және халықты үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша алдағы жоспарлар таныстырылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









