Қарағандыда жасанды интеллект және бағдарламалау мектебінің төртінші ағынына қабылдау жүргізілуде

    Қарағандыда Қазақстандағы peer-to-peer (тең) форматында жұмыс істейтін алғашқы жасанды интеллект және бағдарламалау мектебі Tomorrow School төртінші легі қатысушыларын жинауда.

    Оқыту Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында жүргізіледі.

    Қарағандыда жасанды интеллект және бағдарламалау мектебінің төртінші ағынына қабылдау жүргізілуде

    Қатысушыларды тәжірибеге баса назар аудара отырып, тегін оқыту күтіп тұр: кәсіптік портфолиоға қосуға болатын 50-ден астам жоба. Білім беру бағдарламасы жасанды интеллект (AI), киберқауіпсіздік (Cybersecurity), блокчейн (Blockchain) және басқа да IT салаларын қоса алғанда, заманауи технологиялар саласындағы перспективалы бағыттарды қамтиды.

    Tomorrow School ерекшелігі – өзара іс-қимыл, білім алмасу және жобалармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқытуды көздейтін peer-to-peer форматы. Бұдан басқа, қатысушылар кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі бола алады, танысу аясын кеңейтеді және тәулік бойы жұмыс істейтін кампусқа қол жеткізе алады.

    Тіркеу – 13 қарашаға дейін. Check-In – 13 қараша. Бассейн (іріктеу кезеңі) – 16 қарашадан 12 желтоқсанға дейін.

    Мекен-жайы: Қарағанды қ., Терешкова көш., 38а.

    Оқыту тегін. Қатысу үшін Instagram профайлының @tomorrow_school.ai.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары