25 қыркүйекте Есіл аудандық мәслихатының төрағасы А. Әділбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың 52-ші кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Есіл ауданы әкімінің орынбасары Е. Жолымбетов қатысты.
Сессияға аппарат басшысы, мемлекеттік органдардың басшылары және Қоғамдық кеңес мүшелері шақырылды.
Сессия барысында депутаттар «Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту, Есіл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту, Есіл ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдарын өзгерту мәселелерін қарады.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







