Сарыбел ауылдық округі тұрғындарының назарына!

    Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға әрбір азамат өз үлесін қоса алады. Азаматтар құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысу арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және олардың қайталануына жол бермеуге ықпал етеді. Ол үшін азаматтар өздеріне белгілі болған құқық бұзушылық фактілері туралы уәкілетті органдарға уақтылы хабарлап, қажет болған жағдайда фото- және бейне материалдар ұсына алады.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылықтардың профилактикасына белсенді қатысқан қоғамдық көмекшілер мен азаматтарды ынталандырудың бірнеше түрі қарастырылған.
    Олардың қатарында:
    - алғыс жариялау;
    - грамотамен марапаттау;
    - ақшалай сыйақы төлеу;
    - білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
    - жұмыс орны бойынша көтермелеу туралы ұсыныс енгізу;
    - ерекше маңызды үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапаттауға ұсыну.

    Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысқан азаматтарға заңнамада көзделген өзге де ынталандыру шараларын қолдануға құқылы.

    Азаматтар құқық бұзушылық фактісін растайтын фото- және бейне материалдарды қоса отырып, уәкілетті органдарға хабарлаған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік бар. Алайда, анонимді хабарламалар ақшалай сыйақы беруге негіз болып табылмайтынын айта кету керек.

    Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Құқық бұзушылыққа бейжай қарамау – қауіпсіз қоғам құруға қосқан нақты үлес!

    Сарыбел ауылдық округінің әкімдігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары