НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ИЕЛЕРІНЕ!

    Осакаров ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаю мен ұстауға жол берілмейтіні туралы ескертеді!

    Соңғы уақытта елді мекендердің көшелерінде, автомобиль жолдарында және жалпы пайдаланудағы аумақтарда қараусыз малдың жүру жағдайлары жиілеп кетті.

    Жануарлар көшелерде бақылаусыз жүріп, жеке тұрғын үйлердің аулаларына кіріп, аумақтарды ластайды және тұрғындарға қолайсыздық туғызады.

    Малдың автомобиль жолдарына шығып кетуі ерекше қауіп төндіреді. Мұндай жағдайлар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына, көлік құралдарының зақымдануына және материалдық залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін.

    Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюға жол берген иелеріне заңнамада қарастырылған жауапкершілік шаралары қолданылатынын ескертеміз.

    1.Жайылым ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу айыппұл салуға алып келеді.

    2. Автомобиль жолдарының бөлу жолағында мал жаю үшін жауапкершілік және ЖКО салдары.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 633-бабына сәйкес автомобиль жолдарының бөлу жолағы шегінде мал жаю әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және айыппұл салуға алып келеді.

    Ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығуы салдарынан болған жол-көлік оқиғасы жағдайында кінәлі тұлға келтірілген зиянды, оның ішінде көлік құралдарына, мүлікке келтірілген шығынды өтеуге міндетті.

    3. Қараусыз жануарларды ұстау және уақытша күтіп-бағу

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, еріп жүретін адамдары жоқ, қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары олардың иесі анықталғанға дейін ұсталып, уақытша күтіп-бағуға арналған арнайы белгіленген орынға қамалуға жатады.

    Жануарларды қайтару олардың тиесілілігі анықталып, тиісті құжаттар рәсімделгеннен кейін жүзеге асырылады.

    4. Жануарларды ұстаумен және күтіп-бағумен байланысты шығындарды өтеу.

    Жануарларды ұстауға, аулауға, тасымалдауға және уақытша ұстауға байланысты шығындарды жануарлардың иесі өтейді.

    5. Ұсталған жануарларға меншік құқығынан айырылу мүмкіндігі.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, егер ұсталған қараусыз жануарлардың иесі заңда белгіленген мерзімде табылмаса және өз құқықтары туралы мәлімдемесе, жануарларға меншік құқығы олар күтіп-бағуға және пайдалануға берілген тұлғаға өтуі мүмкін.

    Мұндай тұлға жануарларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншікке өтеді.

    6. Ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті түрде бірдейлендіру.

    Жануарлардың иелері ветеринариялық талаптарға сәйкес өздеріне тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуін қамтамасыз етуге міндетті.

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабында көзделген жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

    Бірдейлендіруден өтпеген жануарлар анықталған жағдайда, тиісті ақпарат пен материалдар тексеру жүргізу және шаралар қабылдау үшін аумақтық ветеринариялық инспекцияға жолданатын болады.

    ******************************************************************

    Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының иелері!

    Бақылаусыз мал жаю – бұл жай ғана мал ұстау қағидаларын бұзу емес, адамдардың қауіпсіздігіне, бөтеннің мүлкінің сақталуына және қоғамдық тәртіпке төнетін қауіп.

    Ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу және олардың бақылаусыз жүруінің салдары үшін олардың иелері жауапты болады!

    Осакаров ауданының әкімдігі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары