Бүгін Рудный қаласының әкімшілік аумағында Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Қыс-2026» аумақтық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қысқы кезеңде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қалалық қызметтердің, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы, халықты құлақтандыруды ұйымдастыру, жедел топтардың әрекеттерін үйлестіру, азаматтарды эвакуациялау, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.
Мұндай оқу-жаттығулар барлық жұмылдырылған қызметтердің өзара бірлескен жұмысын тексеруге, ықтимал төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және қысқы кезеңде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







