Бүгін Рудный қаласы әкімдігінде қалалық терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің, құқық қорғау органдары өкілдерінің және қаладағы ірі нысандарда кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, террористік қауіп-қатерлердің алдын алу және белгіленген қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері қаралды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері кәсіпкерлерге терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын түсіндіріп, террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда атқарылуы тиіс іс-қимыл тәртібімен таныстырды.
Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







