«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына – 10 жыл!

    1 / 10

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуына орай Қостанай облысы бойынша филиалының Алтынсарин аудандық бөлімі мен Алтынсарин аудандық АХАТ бөлімінің бірқатар қызметкері мерекелік марапаттарға ие болды.

    Марапаттарды табыстау рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Алексей Анатольевич Богданов арнайы келіп қатысты.

    Корпорацияның 10 жылдық мерейтойына орай Басқарма төрағасы А. Кенжегалиевтің атынан төсбелгімен марапатталған қызметкерлер:
    Суйесинова Асем Ермановна – АХАТ бөлімінің басшысы;
    Иралина Алтын Мухатаевна – Алтынсарин аудандық бөлімінің бас маманы;
    Жаланов Сабит Қайратұлы – Алтынсарин аудандық бөлімінің бас маманы.

    Сонымен қатар, филиал директоры Миржан Мұхтарұлы Жаңабаевтың атынан Алғыс хатпен Алтынсарин аудандық бөлімінің келесі қызметкерлері марапатталды:
    Сағымбай Әйгерім Жолдыбекқызы – жетекші маман;
    Утепбаев Серик Нургазинович – жетекші маман;
    Шайланова Эльвира Габдсаттаровна – маман;
    Джумабекова Лаззат Бокатовна – жетекші маман.

    Бұл марапаттар – қызметкерлердің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және халыққа сапалы қызмет көрсету жолындағы еселі еңбегіне берілген жоғары баға.

    Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алтынсарин ауданының әкімдігі" жаңалықтары