Жол қозғалысы қауіпсіздігі

    Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әр адамның өмірі үшін маңызды!
    Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының міндеті. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолда мұқият болуы адам өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
    Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
    • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау;
    • Көлік жүргізу кезінде жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмау;
    • Қауіпсіздік белдігін тағу және балаларды арнайы орындықта тасымалдау;
    • Жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде мұқият болу;
    • Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамау және мас күйде көлік басқармау қажет.
    Есіңізде болсын! Жолдағы әрбір қателік адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жол ережелерін сақтап, өз өміріңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қараңыз!
    Жол ережесін сақтайық – өмірімізді қорғайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары