Зейнетақыжүйесі–жасқада,мамандыққадақарамайтын,барлықадамның басына түсетін маңызды мәселе.Зейнетақыжинақтарыныңқалайқалыптасатынынтүсіну,олардыңкөлемінбақылаужәнеболашаққақаржылықжоспарқұру–адамныңқаржылықтұрақтылығыменертеңгікүнгедегенсенімінарттырады.
Бірыңғайжинақтаушызейнетақықорының«Зейнетақыжүйесітуралысұхбат»жобасыаясындаҚазақстанқаржыгерлеріқауымдастығыкеңесініңтөрайымыЕлена Бахмутовабергенсұхбатындазейнетақыжүйесіндежүзегеасқанжәнеалдағыуақыттакүтілетіннегізгіөзгерістер,жекежинақтардыңрөлі,ұзақмерзімдіқаржылықжоспарлаудыңмаңызыжәнебасқадаөзектімәселелертуралыайтыпберді.
Реформалартуралы
Елена Бахмутова:
«Мемлекет басшысының биыл жыл басында берген тапсырмасына сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған капитал нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеуге кірісті.
Бағдарлама таныстырылып, онда зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға тікелей қатысты көптеген жаңа ұсыныстар айтылды. Бұл – жалғасып келе жатқан реформа. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру тәсілдерін әзірлеуге қатысты бағытын да, оның жекелеген бөлігі – зейнетақы жинақтарын басқару мәселесін де қамтиды.
Бұл бағдарламада қандай жаңалықтар бар?
Ең алдымен, оның аяқ астынан пайда болмағанын айту керек. Бағдарлама жыл басынан бері әзірленіп, осы уақыт ішінде нарыққа қатысушылармен көптеген талқылаулар жүргізілді. Мұнда мен айтып отырған нарық қатысушыларының қатарында, ең алдымен, инвестициялық портфельді басқарушылар бар. Өздеріңіз білетіндей, қазірдің өзінде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалауы бойынша жеке басқарушы компанияларға беру мүмкіндігіне ие. Енді реттеуші ұйымның ұсынысы бойынша басқарушы компаниялар бірнеше инвестициялық стратегия ұсынуа алады. Яғни бұл стратегиялар әртүрлі жастағы адамдардың қажеттіліктеріне қарай әзірленеді. Қазіргі таңда жеке басқарушы компаниялар бірден үш түрлі – тәуекелді, қалыпты және консервативті портфель ұсына алады. Ал салымшы солардың бірін өзі таңдайды. Әрине, салымшы бұл активтерді өзі басқармайды. Ол өз жинақтарын кәсіби түрде басқаратын компанияны таңдайды. Бұл ретте барлық реттеушілік талаптар, активтердің сақталуы, өз активтерін зейнетақы активтерінен кастодиандық бөлу сияқты тетіктер толықтай сақталады. Есеп жүргізу де бұрынғыдай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жүзеге асырылады.
Бірақ тағы бір мүмкіндік пайда болады. Болашақта Ұлттық банктің де салымшыларға портфель құрылымын барынша әртараптандыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар жасау мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Бұл қалай жүзеге асуы мүмкін?
Былайша айтқанда, «әдепкі» портфель бойынша салымшыларды да біртіндеп жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп орналастыру көзделеді».
Инфляция, инвестицияжәнетиімділіктуралы
Елена Бахмутова:
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







