ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 8-ШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТТЫ.

    1 / 14
    ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 8-ШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТТЫ.
    2026 жылғы 12 қазан күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
    Осыған сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының VIII шақырылымы өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты.
    Қызылорда қалалық мәслихатының 8 шақырылымы 2023 жылы 30 наурыз - 2026 жылғы 12 қазан аралығында өз қызметін атқарды. Қызылорда қаласындағы 23 сайлау округінен Қызылорда қалалық мәслихатының VІII шақырылымына 23 депутат өкілеттік етті.
    VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты өз өкілеттігі кезеңінде қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарды.
    Жұмыстардың жүйелі атқарылуына VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы ретінде Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы жетекшілік етті.
    Мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын-ала қарау және дайындау, оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын іске асыру үшін қалалық мәслихат жанында екі тұрақты комиссия құрылып, жұмыс жасады.
    Бұл ретте, қалалық мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына Әбдіқалықов Мұса Жақыпұлы және коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына Басықараев Ибраким Асқарұлы төрағалық етті.
    Сегізінші шақырылым барысында 58 сессия өткізіліп, 172 мәселе қаралды. Сессия отырыстарында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, әлеуметтік қорғау саласына және басқа да жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысты шешімдер қабылданды.
    Сонымен бірге, мәслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың отырыстарында тиісті мәселелерді алдын ала қарап, зерделеп, олардың сессия отырыстарына енгізілуіне және сапалы шешімдер қабылдануына атсалысты.
    Қызылорда қалалық мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және коммуналдық-шаруашылық, қала инфрақұрылымы, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары бойынша 59 комиссия отырыстары өткізіліп, онда 73 мәселе қаралып, тиісті мекемелерге 200 ден аса ұсыныстар енгізілді.
    Депутаттық сауалдар - мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі болып саналады. Бұл ретте, депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштері мен ұсыныстарын зерделеу, проблемалық мәселелерді тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу және шешілуіне ықпал ету мақсатында мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданып отырды.
    Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан 2023 жыл 43 депутаттық сауал (80 мәселе) оның ішінде: 60 мәселе – коммуналдық салаға қатысты, 20 мәселе – (жер, ақпарат беру, тұрғын үй кезегі, жол белгілерін қою, құрылыс, жабайы иттер);
    2024 жыл 50 депутаттық сауал (85 мәселе) оның ішінде 73 мәселе – коммуналдық салаға қатысты, 12 мәселе – (мектептерді және мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, жер, жабайы иттер, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала);
    2025 жылы 89 депутаттық сауалдар (153 мәселе) оның ішінде: 114 мәселе – коммуналдық салаға қатысты, 39 мәселе – (ақпарат сұрату, жабайы иттер, жер мәселесі, құрылыс, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, бейнебақылау, аяқ су)
    2026 жыл 70 депутаттық сауалдар (116 мәселе) оның ішінде: 116 мәселенің барлығы коммуналдық салаға қатысты болды.
    Қызылорда қалалық мәслихатының VIII шақырылымында депутат ретінде қызмет еткен төмендегі азаматтардың есімдері мәслихат тарихында айрықша орын алмақ.
    №1 сайлау округі Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы Қызылжарма а/о
    №2 с/о Тұрғанбаев Нұрлан Бақытжанұлы Титов-Гагарин
    №3 с/о Сыздықов Бахтияр Нұрділдаұлы Гагарин-Шанхай
    №4 с/о Байсеитов Ғибрат Мұратұлы Шанхай-Коммунизм
    №5 с/о Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы Коммунизм-КБИ
    №6 с/о Әбдіқалықов Мұса Жақыпұлы Әл -Фараби
    №7 с/о Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы Байтерек м/а.
    №8 с/о Мақаш Талғат Бақытбекұлы Белкөл, Қосшыңырау, Қарауылтөбе а/о, КБИ ішінара
    №9 с/о Мампаев Әжібек Алғашбекұлы Ақмешіт, Рисмаш, Мерей м/а
    №10 с/о Төлеген Бауыржан Төлегенұлы Мерей, Ақмешіт, Шымбай м/а
    №11 с/о Абизов Ділмұхамед Мнуарбекұлы 3 ірілендірілген квартал, орталық (Тоқмағанбетов-Айтеке би)
    №12 с/о Жарасбаев Жасұлан Бақытұлы Сырдария м/а (ЦОН), Универсам, Сол жағалау, Тәуелсіздік көшесі
    №13 с/о Басықараев Ибраким Асқарұлы Темір жол аумағы, Арсенал сауда үйі аумағындағы көпқабатты үйлер
    №14 с/о Базарбай Еркін Базарбайұлы Шұғыла м/а, Бәйтерек м/а көпқабатты үйлер, Автовокзал аумағы
    №15 с/о Мұсабаева Айгүл Нәжмадинқызы Шұғыла м/а, Облыстық жұқпалы ауруханасы аумағы
    №16 с/о Бисенова Маржан Қылышбайқызы Сәулет м/а
    №17 с/о Ысқақова Раушан Жәдігерқызы Арай – Сырдария, Ипподром м/а
    №18 с/о Нұртазаев Ерлан Бақытұлы Сәулет-Саяхат м/а
    №19 с/о Садвакасова Жанат Мылтықбайқызы/ Ізтілеуов Рүстем Серікұлы Сәулет м/а, Бейбарыс көшесінен Астана даңғылына дейін
    №20 с/о Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы Эдельвейс», «Орбита», «Еңбек», «Сабалақ» саяжайлары, Астана, Сырдария м/а,
    №21 с/о Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы/Нарбаев Еркебұлан Елікбайұлы Тасбөгет, Тасарық және Наурыз ш/а, Тепловик, Мелиоратор
    №22 с/о Төлегенова Ақманат Мұратқызы Тасбөгет кенті
    №23 с/о Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы Ақсуат,Ақжарма, Талсуат Қызылөзек а/ о, Ягодка, Пищевик саяжайлары
    VIII-шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарының жергілікті өкілді органның қызметіне белсенді қатысып, Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және қоғамдық бастамаларды қолдауға, халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлестері еліміздің дамуы жолында маңызды қызмет болып қала бермек.
    Депутаттық өкілеттіктерін жауапкершілікпен атқарып, сайлаушылармен тұрақты байланыс орнату, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу және өңірдің дамуына бағытталған бастамаларды іске асыру барысында жоғары кәсіби және азаматтық ұстаным танытқан Қызылорда қалалық мәслихатының 8-шақырылм депутаттарының алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты" жаңалықтары