Құрметті Запорожье ауылдық округінің тұрғындары!
Сіздердің назарларыңызға Ақмола облысының «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығының қызметі туралы хабарлаймыз. Бұл – коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері бойынша өтініштер қабылдайтын қызмет.
☎️ 109 нөмірі арқылы төмендегі мәселелер бойынша хабарлай аласыздар:
🔹 Электрмен жабдықтау (электр энергиясының өшуі, жарықтандырудағы іркілістер);
🔹 Сумен жабдықтау (судың болмауы, су қысымының төмендігі);
🔹 Жылумен жабдықтау (жылу батареяларының суық болуы, жылу желілеріндегі апаттар);
🔹 Лифтілердің жұмысы;
🔹 Аулаларды абаттандыру;
🔹 Санитарлық тазалық және қоқыс шығару;
🔹 Құдықтар мен кәріз жүйелеріне қатысты мәселелер;
🔹 Жол инфрақұрылымы (жолдардағы шұңқырлар, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу);
🔹 Қоғамдық көлік (бағыттардың жүру кестесі);
🔹 Ветеринариялық қызметтер (қараусыз жүрген иттерді аулау);
🔹 Ақмола облысының туристік нысандары.
📲 Байланыс орталығына келесі тәсілдер арқылы хабарласуға болады:
📞 Телефон: 109
✈️ Telegram-бот: @IKOMEK109AQMOLABOT
📸 Instagram: @IKOMEK109AQMOLA
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






