1 / 5
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Нұраталды ауылдық округінің әкімшілігі учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, ауыл тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жандандыру және тұрғындардың қоғамдық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ең таза аула» челленджін өткізді.
Шараның мақсаты – тұрғындарды туған жерді таза ұстауға ынталандырып, тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Аулаларын көріктендіріп, ауылдың абаттануына үлес қосқан отбасыларға сыйлықтар табысталып, алғыс хаттар берілді.
Челлендж эстафетасы көршілес Ақшоқы ауылына жолданды. Өзге елді мекендерді де бастамаға қатысып, тазалықты сақтауға үлес қосуға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







