1 / 12
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Әлімтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі міндеттер мен басым бағыттарды атап өтті.
Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және елді мекендерді көркейту мәселелеріне назар аударды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға облыс, аудан әкімдеріне ризашылықтарын білдірді.
Әлімтау ауылдық округіне қарасты елді мекендерде 2026 жылы бірқатар инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылды.
Әлімтау елді мекеніндегі «Ә.Молдағұлова», «Абай Құнанбаев» және «Ыбырай Алтынсарин» көшелеріндегі көше жарықтандыру жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тасқұдық елді мекеніндегі «Әл-Фараби» көшесінің бойына балалар ойын алаңшасы мен воркаут алаңы орнатылып, пайдалануға берілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





