Ауыл тұрғындары, Ақсақалдар кеңесі және Қоғамдастық келісім кеңесінің мүшелерінің қатысуымен «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» және «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыптарында кездесу өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, отбасылық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру барысында орын алатын ысырапшылдықтың алдын алу, халық арасында қарапайымдылық, үнемшілдік және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру.
Кездесу барысында той-томалақтарды даңғаза мен бәсекеге айналдырмай, ұлттық тәрбиенің, ізгілік пен өнегенің үлгісі ретінде өткізу қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар құдайы асты марқұмдарды еске алу, дұға бағыштау және сауапты іс жасау мақсатында қарапайым әрі шамаға сай ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жиынға қатысқан ауыл ақсақалдары мен қоғамдастық өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамда орын алып отырған орынсыз шығындар мен бәсекелестіктің алдын алу бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, той-жиындар мен құдайы астарды ысырапсыз өткізу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесі мен Қоғамдастық келісім кеңесінің осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру жөнінде ортақ пікір қалыптасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








