Қауіптің алдын алуды ертеңге қалдырмаңыз!

    1 / 2

    Жылыту маусымында пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Пештің немесе мұржаның ақауы, сондай-ақ бөлменің дұрыс желдетілмеуі өртке және улы газбен улануға әкелуі мүмкін.

    Сондықтан қауіптің алдын алу үшін:

    Пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеріңіз;

    Түтін шығатын жолдардың бітелмегеніне көз жеткізіңіз;

    Үй-жайдың тұрақты әрі дұрыс желдетілуін қамтамасыз етіңіз;

    Улы газ датчигін міндетті түрде орнатыңыз;

    Пешті қараусыз қалдырмаңыз және жанғыш заттарды оның маңында сақтамаңыз.

    Бір датчик бір отбасының өмірін сақтап қалуы мүмкін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары