Қаратал ауданында 600 түп терек ағашы отырғызылды


    Бүгін Қаратал ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастама барысында аудан аумағына жалпы саны 600 түп терек көшеті егілді.
    Атап айтқанда, аудан орталығы Үштөбе қаласының кіреберіс аумағына және барлық ауылдық округтерге терек көшеттері отырғызылды. Бұл игі іске Үштөбе қаласында 100-ден астам азамат қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
    Ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғаудың және экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңызды жолдарының бірі. Жасыл желек ауаны тазартып, шаң-тозаңды азайтады, сондай-ақ елді мекендердің көркін арттырып, келер ұрпаққа қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға ықпал етеді.
    Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі егілген әрбір көшет – болашақтың жасыл келбетіне қосылған үлес.
    Айта кетейік, бұл 600 түп терек ағашы демеушілер тарапынан сыйға тартылды. Т-есімді азамат өз есімінің жарияланбауын өтінген болатын. Десе де, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, есімін нақты атамасақ та, игі ісін көпшілікке жеткізуді жөн санадық.
    Осылай жеріміздің көркеюіне үлес қосып, ел игілігі үшін жасалған қайырымды істеріңізге алғысымыз шексіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары