🛡️ Р. Қошқарбаев атындағы орта мектепте 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында оқушылардың күзгі демалысы кезінде ұйымдастырылатын «Қауіпсіз демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қауіпсіз балалық шақ» ақпараттық науқаны жүргізілуде.
Науқанның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері, зорлық-зомбылық пен қысымның түрлері, буллинг пен кибербуллингтен қорғану жолдары, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері және қауіпті жағдайларда көмек сұрау тәртібі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қандай да бір қысымға, қорқытуға немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда бұл туралы ата-анасына, сынып жетекшісіне, педагог-психологке, мектеп әкімшілігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Аталған ақпараттық науқан балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және құқықтарын қорғауға бағытталған.
Баланың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау – мектеп, ата-ана және қоғамның ортақ міндеті!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








