В Ескельдинском сельском округе Каратальского района проведена встреча на тему «Закон и порядок – основа безопасного общества»


    ⚖️ Р. Қошқарбаев атындағы орта мектепте «Қауіпсіз демалыс» іс-шаралар жоспары аясында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам негізі» тақырыбында құқық қорғау органының өкілімен кездесу ұйымдастырылды.
    Кездесуге Қаратал ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Е. М. Чалкаров қатысып, оқушыларға құқықтық тәрбие мен қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
    Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ суық қару мен басқа да қауіпті заттарды сақтау және алып жүрудің салдары туралы ақпарат берілді.
    Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
    Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
    Заңды сақтау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның басты негізі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары