Саран қаласында Республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілдері болды

    1 / 6

    2026 жылғы 4 қарашада Саран қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілдері келді.

    Сапар аясында топ мүшелері Tengri Tyres зауытына және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжіне барды.

    Кездесулер барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріс саласын қолдау, адами капиталды дамыту және білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сапардың мақсаты – Президент Жолдауының басым бағыттарын халыққа жеткізу, оның негізгі міндеттері мен алдағы жоспарларын талқылау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының әкімдігі" жаңалықтары