«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2026 жылдың 1 қарашаға ақпарат

    «Дипломмен ауылға» жобасы аясында Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға республикалық бюджеттен 20 маманға арналған бюджеттік несиелерді өтеуге 173,0 млн теңге көлемінде және 25 маманға 10,8млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы қаражат жоспарланған.

    2026 жылғы 1 қараша жағдай бойынша 10.8 млн. теңге сомасына 25 көтерме жәрдемақы төленді (оның ішінде білім беру саласында – 18 маман, денсаулық сақтау – 3 маман, мәдениет – 1 маман, спорт – 1 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 0 маман, мемлекеттік қызметші – 2 маман.).

    Бюджеттік кредиттер бойынша төлемдер ағымдағы жылдың қараша айына белгіленген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ" жаңалықтары