Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қатаң бақылауында.

    Жүргізілген мониторинг нәтижесінде жұқпалы аурулардың 52 түрі бойынша сырқаттанушылық тіркелмеген, ал 29 нозология бойынша аурушаңдық деңгейі төмендеген.

    Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде баяндады.

    Спикердің айтуынша, биылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 13 765 жағдайы тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,2 есеге азайған. Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер нәтижесінде тұмау вирусы анықталған жоқ.

    Өңірде жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинация жүргізу және халықтың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    Мамандар тұрғындарға профилактикалық екпелерді уақытылы алуға, жеке гигиена талаптарын сақтауға және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге ерте жүгінуге кеңес береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары