Отандық өнім: жоспар және нәтиже

    Отандық өнім: жоспар және нәтиже

    Ақтөбе қаласындағы «Айс» ЖШС-ның ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттарды талқылады.

    Жиынға Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
    Кездесуде Мемлекет басшысы айқындаған әлеуметтік-экономикалық міндеттер, соның ішінде отандық өндірісті қолдау, ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және экологиялық мәселелерді шешу жайы сөз болды.
    Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева Жолдауда айтылған еңбек адамының рөлін арттыруға ерекше мән берілгеніне тоқталды.
    — Президент Жолдауында отандық өндірісті қолдауға, кәсіпкерлікті дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға басымдық берілген. Бұл міндеттердің ауыл шаруашылығы саласына да тікелей қатысы бар. Өнім өндірумен қатар, оны өңдеп, ішкі нарыққа шығарып отырған кәсіпорындардың жұмысын қолдау маңызды. Мұндай өндіріс орындары жергілікті өнім көлемін арттырып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіпорындардың өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа технологияларды енгізуге ұмтылуы — бүгінгі күннің нақты талабы, —деді Гүлқасима Сүйінтаева.

    Толығырақ: https://aqtobegazeti.kz/?p=190290

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары