ҚАЙНАЗАР АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 3

    ҚАЙНАЗАР АУЫЛЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    2026 жылғы 3 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Рахат ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп, Қайназар ауылындағы көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлерін аралады.

    Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, жылыту пештерін дұрыс пайдалану, электр құралдарын қауіпсіз қолдану, электр сымдарының жарамдылығын тексеру және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар атқарылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары