2026 жылғы 20 қазанда Азовое ауылдық округі әкімінің Ново-Азово ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті, кездесуге ауыл тұрғындары, бақташылар қатысты. Жиын барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланды:
1.Күзгі кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығының алдын алу;
2. Санитарлық тазалық және абаттандыру: Ауыл аумағының тазалығын сақтау, тұрғындардың өз аулалары мен көшелердің тазалығына жауапкершілікпен қарауы, қоқыс шығару мәселелері мен қоршаған ортаны қорғау туралы;
3.Тұрғындарды толғандырған басқа да маңызды мәселелер және шешілу жолдары қарастрылы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.



