Күшаманда көше жарығы, ветеринария және жер мәселелері сөз болды.
Көшелерге жарық шамдарын орнату, ветеринариялық мекеменің жұмысы және жерге қатысты сауалдар. Күшаман тұрғындары аудан әкімі Ермек Карентаевпен кездесуде ауыл өміріне тікелей әсер ететін осы мәселелерді көтерді. Ауыл жұртшылығы өз өтініштерін жеткізіп, жауапты мамандардан түсініктеме алды. Көше жарығына қатысты ұсыныстармен қатар, ветеринариялық қызметтің жұмысы жөнінде сұрақтар қойылып, жер мәселелері талқыланды. Ермек Карентаев тиісті бөлім басшыларымен бірге әрбір мәселеге тоқталып, оларды шешу мүмкіндіктерін қарастырды. Кездесу тек тұрғындардың сауалдарымен шектелген жоқ. Ауылдық округте атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы даму жоспарлары таныстырылды.Жергілікті жұртшылық осы жоспарларға қатысты пікірлерін білдіріп, ауылға қажетті жұмыстар жөнінде ұсыныстарын айтты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






