Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы өңірлердің рөлі» тақырыбында Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.
Халықаралық жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, екі елдің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, өңірлер мен қалалардың әкімдері, сондай-ақ іскерлік орта өкілдері қатысты.
Форум аясында өткен «Қырғызстан мен Қазақстан өңірлері арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту факторы ретіндегі туризмді дамыту» тақырыбындағы панельдік сессияда Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өңірдің туристік әлеуеті мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын таныстырды.
Сондай-ақ Түркістан қаласы мен Манас қаласы арасында бауырластық қатынастарды дамыту туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінде Түркістан мен Қырғызстан өңірлері арасындағы туристік байланыстарды дамыту әлеуеті жоғары. Қырғызстан Түркістан қаласына шетелден келетін туристер саны бойынша негізгі бес елдің қатарына кіреді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









