АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР! САҚ БОЛЫҢЫЗ!

    Соңғы кезде телефондық және интернет-алдақорлық жағдайлары жиілеп кетті. Қылмыскерлер сіздің жеке деректеріңіз бен ақшаңызды иелену мақсатында банк қызметкерлері, мемлекеттік органдар, полиция немесе басқа ұйымдар қызметкерлерімін деп көрінуі мүмкін.

    Алдақорлардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

    🔹 Жеке деректеріңізді, ЖСН-ді, банк карталарының деректерін, құпиясөздер мен SMS растау кодтарын бөгде адамдарға хабарламаңыз.

    🔹 Белгісіз және күдікті нөмірлерден келген қоңырауларға жауап бермейңіз. Қоңырау күмән тудырса, сөйлесуді аяқтаған дұрыс.

    🔹 Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және хабарламалармен жіберілген белгісіз файлдарды ашпаңыз.

    🔹 Таныс емес адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз, тіпті олар банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімін деп танысқан жағдайда да.

    🔹 Қоңырау шалушылардың өтініші бойынша белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз және телефоныңызға қашықтан қолжетімділік бермеңіз.

    🔹 Күдікті қоңырау кезінде ұйымға ресми нөмір арқылы өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.

    Есіңізде болсын! Банктер мен мемлекеттік органдардың нақты қызметкерлері телефон арқылы SMS кодтарын, құпиясөздер мен банк карталарының PIN кодтарын сұрамайды.

    Өзіңіз бен жақындарыңызды сақтаңыз! Туыстарыңызды, әсіресе қарт адамдарды алдау схемаларының мүмкін болуы туралы ескертіңіз.

    Сақ болыңыз! Алдақорларға сізді алдауға мүмкіндік бермейңіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары