Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты
"Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Вагулин ауылдық округі әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық саладағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
"Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округтің аумағы Қызылжар ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан және солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында — Березов ауылдық округінің жерлерімен: оңтүстік-батысында және батысында — Виноградов ауылдық округінің жерлерімен, оңтүстігінде Соколов ауылдық округінің жерлерімен шектеседі.
Аудан орталығына дейінгі қашықтық — 65 км. Петропавл қаласының облыс орталығына дейін — 50км