ТАЗА ҚАЛА — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

    1 / 2

    ТАЗА ҚАЛА — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

    Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

    Бүгін, 2026 жылғы 31 қазанда, облыс орталығы Қонаев қаласында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсенді түрде атсалысты.

    Қызметшілерқала тазалығын сақтауға, қоғамдық аумақтарды абаттандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

    «Таза Қазақстан» бастамасы әрқайсымызға тазалықтың жеке жауапкершіліктен, қоршаған ортаға құрметпен қараудан және күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын еске салады.

    Бірге таза, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары