Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
25 Қазан - Республика күні
Республика күніне орай Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жетістіктері мен оны дамытуға жеке кәсіби үлес қосқан қызметкерлермен таныстыруды жалғастырамыз.
ИСМАИЛОВ МАРАТ ӘДІЛЖАНҰЛЫ - Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
Кәсіби қызметтің негізгі нәтижелері
2020-2024 жылдары заңнамалық бастамаларды, стратегиялық құжаттарды және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жаңа тетіктерін әзірлеуге жүйелі қатысу санитариялық-эпидемиологиялық қызметті басқарудың өңірлік және орталық деңгейлеріндегі жұмыс тәжірибесін көрсетеді.
Кәсіби салымның негізгі бағыты биологиялық қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық негізін әзірлеу, эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың ғылыми-негізделген жүйесін дамыту, сондай-ақ цифрлық құралдар мен бақылаудың баламалы нысандарын қолдана отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру болды.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу
1. Ковид-19-дан халықты және қызметкерлерді қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың, қызметтер мен ведомстволардың күштері мен құралдарын есептеу әдістемесі (2019/2020 ж. ж.);
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау тәртібін ұйымдастыру бөлігінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы заң жобасы (2020 жыл);
3. "Саламатты ұлт" Ұлттық жобасы шеңберінде қызметті дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу мен қалыптастыру (2020/2021 ж. ж.);
4. Мемлекеттік санитартялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың жаңа тәсілдері (2024 жыл).









