Семей геологиялық барлау колледжінің 95 жылдығы

    1 / 4

    2026 жылғы 9 қазанда Семей геологиялық барлау колледжінің 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, оған Геология комитетінің төрағасы Қ.Б. Ерубаев және «Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаментінің өкілдері қатысты.

    Мереке аясында колледж педагогтерінің геология саласы үшін білікті кадрлар даярлаудағы еңбегі атап өтілді. Оқытушыларға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және Геология комитетінің Құрмет грамоталары табыс етілді.

    Сондай-ақ, осы оқу орнының түлегі,«Шығысқазжерқойнауы»өңіраралық геология департаменті басшысының орынбасары И.А. Шадских колледждің алғыс хатыменмарапатталды.

    Колледж ұжымын мерейтойымен құттықтаймыз және геология саласы үшін білікті мамандар даярлауда табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті»" жаңалықтары