Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы туралы семинар

    2026 жылғы 20 қазанда «Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық геология департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, мемлекеттік қызметтегі қызмет әдебі мен мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлермен семинар өткізілді.

    Семинар барысында мемлекеттік басқарудың жоғарғы мәдениетін қалыптастыру, азаматтар мен әріптестерге сыпайылық, дұрыс, сыйластық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауда іскерлік қарым-қатынас стилін ұстану мәселелеріне ерекшеназар аударылды.

    Мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне және ресми-іскерлік дресс-кодты сақтауына қойлатын талаптар жеке қарастырылды. Мемлекеттік қызмет сипатына ұқыптылық, ұстамдылық және сыртқы келбет сәйкестігінің маңыздылығы атап өтілді, өйткені әрбір қызметкердің сыртқы келбеті мен мінез-құлқы мемлекеттік органның кәсіби имиджінің құрамдас бөлігі болып табылады.

    Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға қызметтік тәртіпті, парасаттылық, жауапкершілік қағидаттарын сақтау және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу қажеттігі туралы еске салынды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті»" жаңалықтары