Көлік министрлігінде кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

    1 / 3

    2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Амангелді Нұғмановтың төрағалығымен кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

    Отырысқа Көлік министрлігінің Ұлттық экономика министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық қауымдастықтар мен теміржол көлігі кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

    2026 жылдың 9 айында кірме жолдарда жылжымалы құрамның рельстен шығуының 137 жағдайы есепке алынды, оның 91-і (66,4%) теміржол жолдарының тиісінше күтіп ұсталмауына байланысты.

    Отырысқа қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың негізгі себептерін талдап, кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық базаны өзектендіру мәселелерін қарады.

    Ведомствоаралық және салалық өзара іс-қимылды нығайтуға, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы жедел ақпарат алмасуға және бірлескен профилактикалық шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша одан арғы жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Олар бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіруге, бақылаудың тиімділігін арттыруға және кірме теміржол жолдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Kөліктік бақылау комитеті" жаңалықтары