Көлік министрлігінде Республика күні аталып өтті Көлік министрлігінде Республика күні аталып өтті 1 / 13 ⛶

    1 / 13

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Іс-шараға Министрлік басшылығы мен қызметкерлері, ведомстволық бағынысты және салалық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көлік саласының ардагерлері қатысты.

    Салтанатты рәсім аясында адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкер марапатталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлер ант берді.

    Құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев сала қызметкерлерінің еңбегі елді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

    «Күнделікті көлік саласында мыңдаған адам еңбек етуде. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында өңірлер арасындағы байланыс нығайып, экономика дамып келеді. Бұл – еліміздің дамуы мен Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар», – деп атап өтті министр.

    Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Kөліктік бақылау комитеті" жаңалықтары