2026 жылғы 29 қазанда «Салауатты жұмыс орындары жобасы бойынша және өнеркәсіптік объектілердегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

    1 / 3

    2026 жылғы 29 қазанда Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған «Салауатты жұмыс орындары жобасы бойынша және өнеркәсіптік объектілердегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Сейдуш Мейірімжан Талғатұлы қатысты. Іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, кәсіпкерлер мен өнеркәсіп нысандары өкілдерінің қатысуымен өтті.

    Дөңгелек үстел барысында өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібі, аттестаттау мерзімдері, санитариялық-қорғаныш аймақтарының талаптарын сақтау және тексерулер кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, сұрақ-жауап және пікір алмасу өткізіліп, кәсіпкерлерге тиісті түсіндірмелер берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары