Әкімдік отырысы

    1 / 6

    Курчатов қаласының әкімі Б. Т. Абдралиевтің төрағалығымен қала әкімдігінің отырысы өтті. Отырыс барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
    Атап айтқанда, 2026 жылдың 9 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, 2026 жылдың III тоқсанында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықты тұмауға қарсы вакцинациялау барысы, сондай-ақ автомобиль жолдары мен көшелерді қысқы күтіп-ұстауға дайындау мәселелері талқыланды.
    Отырыс қорытындысы бойынша Болат Тансықбайұлы жауапты басшыларға қаралған мәселелерді уақтылы әрі сапалы шешу, бюджет қаражатын тиімді игеру, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру, халықты вакцинациялау барысына талдау жүргізу және жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Курчатов қаласының әкімдігі" жаңалықтары