21 қазанда Курчатов қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы «Әділет» партиясы және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесті. Шара 29 қарашаға жоспарланған мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық аясында өтті.
Жүздесу барысында сайлау заңнамасының талаптары түсіндіріліп, байқаушылар мен сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттері талқыланды. Ұйымдастырушылар сайлау процесінде заңдылық, ашықтық және сайлау комиссияларының жұмысына араласпау қағидаттарын қатаң сақтау маңызды екенін атап өтті.









