Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы

    1 / 5

    Бүгін, 2026 жылғы 23 қазанда Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

    Отырыстың басты мақсаты — 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарын сайлау науқаны кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру.

    Кездесу барысында жұмыс тобы округтік және учаскелік сайлау комиссияларына мониторинг жүргізу күнін белгілеп, сайлау учаскелерін барлық қажетті арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды пысықтады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Курчатов қаласының әкімдігі" жаңалықтары