Тұрғылықты жері өзгерген кезде зейнетақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі

    Зейнетақы төлемдерін алушылар егер тұрғылықты мекен жайын өзгерткен жағдайда төлемдерін ары қарай алуға құқылы және қолданыстағы Ережелерге сәйкес бұл процесс автоматтандырылған.

    Қазақстан аумағының басқа өңіріне, басқа қаласына қоныс аударған жағдайда бұрынғы тұрған жеріңізден қағаз жүзінде зейнекерлык істі әкелудің қажеті жоқ, өйткені сұраным қашықтықтан жасалады.

    Бұл ретте қызмет алушы жаңа тұрақты мекен жайда орналасқан Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация бөлімшесіне келіп өтініш ұсынады. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызмет алушының бұрынғы мекен жайдағы бөлімшеге электрондық сұранысты өзі жібереді. Бұрынғы мекен жайда орналасқан мемлекеттік корпорация бөлімшесі электронды аттестатты рәсімдеп, жаңа мекен жайдағы бөлімшеге жібереді. Зейнетақы төлемдері жаңа тұрақты мекен жай бойынша жалғасады.

    Егер шет елге тұрақты қоныс аударған жағдайда ресми төлем тәртібі қызмет алушы көші қон полияциясынан тіркеуден шығарылған айды қоса төленеді. Зейнетақы алушының өтініші негізінде мемлекеттік корпорация бөлімшесі зейнетақы ісінің қағаз нұсқасын дайындап, алушының қолына не болмаса қоныс аударған елдің ресми сұранысы бойынша жөнелтіледі.

    Егер де Қазақстан аумағына тұрақты түрде келген жағдайда зейнетақыны қамсыздандыру саласындағы халықаралық келісімге қатысушы мемлекеттен келген азаматтар жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш ұсынады. Мемлекттік корпорация зейнетақы алушы келген мемлекеттен зейнетақы ісіне сұраныс жасайды.

    Зейнетақы алушы бұрын Қазақстан Республикасы аумағында зейнетақы төлемін алушы болып табылса, таңдау құқығы болады.

    Бұл жағдайда алушы мемлекетке қайта оралған жағдайда өтініш жасаған күннен бастап дәл сол мөлшерде қайта бастау немесе Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес зейнетақыны жаңадан тағайындау рәсімін өту көзделген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары