Мамлют ауданында Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты жиын өтті.

    1 / 6

    Мамлют ауданында Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты жиын өтті.

    Іс-шара аясында аудан әкімі Елена Степаненко құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтті. Сондай-ақ адал еңбегі, кәсіби жетістіктері және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін аудан тұрғындарына лайықты марапаттар табыстады.

    Мерекелік шара Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Шығармашылық нөмірлер көрермендерге патриоттық рух, бірлік пен туған елге деген мақтаныш сезімін сыйлады.

    Мерекенің шарықтау шегі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні болды. Әнді Мамлют мәдениет орталығының өнерпаздары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері бірге орындап, қатысушылар мен көрермендерді Отанға деген ортақ сүйіспеншілік сезіміне біріктірді.

    Мерекелік шара тәуелсіздіктің, бірліктің және Қазақстанның болашағы үшін әрбір азаматтың жауапкершілігінің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары