ХАБАРЛАНДЫРУ
Атырау облысының әкімдігі атынан «Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жалпы жұртшылыққа,соның ішінде мүдделі қауымға «Атырау қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу»қала құрылысы жобасының материалдарын қайтадан қарау бойынша қоғамдық талқылау өтетіні туралы хабарлайды.
Осыған орай, аталған шараға қатысқысы келетіндер «Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне алдын-ала8(7122)95-66-54 телефоны немесе [email protected] электронды поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Қоғамдық талқылаулар 2026 жылғы 17 қарашада сағат 10:00-де Атырау қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 58 мекенжайында орналасқан «Атырау облысы Абай атындағы Оқушылар орталығының» ғимаратында өтеді.
Жобаны әзірлеуші - «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
Телефон: 8 (727) 278-05-12,e-mail:kazgiprograd_1@mail.ru




