Атырау облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Жалпы ақпарат
    Атырау облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Қоғамдық талқылау өткізіледі

    «Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы 2024 жылы «Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазгипроград» 1 Жобалау институты» жзауапкершілігі шектеулі серіктестікпен «Атырау облысының Атырау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасын әзірлеуге келісім жасасты. Жобаны әзірлеу барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ. Нұртаевтың және Атырау қаласының әкімі Ш. Кейкиннің төрағалық етуімен 12 хаттамалық кеңес өткізілді. Аталған кеңестерде негізгі жобалық шешімдер қаралып, келісілді. 2024 жылғы 9 қазандағы кеңес хаттамасына сәйкес, Атырау қалалық әкімшілігіне қарасты 8 елді мекенді бас жоспардың шекарасына енгізуді көздейтін қаланың аумақтық даму нұсқасы таңдалды. Жоба аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 749 қаулысымен бекітілген қолданыстағы бас жоспардың іске асырылуына, сондай-ақ қаланың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, қала құрылысы және экологиялық жағдайына, инженерлік-көлік инфрақұрылымына талдау жүргізілді. Инженерлік желілер бойынша алдын ала келісімдер алынып, қоршаған ортаға әсер ету скринингі рәсімі өткізілді. Алдағы кезеңде стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) қамту саласын айқындау және стратегиялық экологиялық бағалау туралы есепті дайындау жұмыстары көзделген. Техникалық тапсырмаға сәйкес жобада мынадай жобалау кезеңдері қабылданған: -бастапқы жыл – 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға нақтылана отырып; -құрылыстың бірінші кезегі – 2032 жыл; -есептік мерзім – 2040 жыл. «Атырау облысының Атырау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасына сәйкес, бас жоспардың аумақтық шекарасы 56 400 га-ға дейін ұлғайтылды. Қолданыстағы Атырау қаласының бас жоспарының аумағы 45 871 га құрайды. Бұл жобалау жұмыстарына қосымша қаржы ресурстары бөлінбестен, жобаны әзірлеу мерзімін ұзартуды талап етті. Аумақтың ұлғаюы негізінен Атырау қаласының құрамына жақын орналасқан 8 елді мекенді (Еркінқала, Тасқала, Жаңаталап, Қызыл балық, Құрманғазы, Амангелді, Дамба, Бесікті) қосу есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта «Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Kazgeosaulet» ЖШС жүргізіп жатқан топографиялық түсірілім жұмыстарының аяқталуы күтілуде. Қарамағындағы елді мекендерді есепке алғанда, 2026 жылғы жағдай бойынша халық саны 431 254 адамды құрайды, ал есептік мерзімге (2040 жылға) қарай халықтың болжамды саны 600 000 адамды құрайды. Жобада қаланың тұрғын үй құрылысы аумағын 8 945 га-ға дейін ұлғайту ұсынылады, оның ішінде: жеке тұрғын үй құрылысы – 7 388,5 га (қазіргі жағдай – 5 570,5 га, есептік мерзімге қосымша – 1 818,0 га); сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй құрылысы – 1 556,5 га (қазіргі жағдай – 528,5 га, есептік мерзімге қосымша – 1 028,0 га). Жобада жоғарыда аталған тұрғын үй құрылысы аумақтарын білім беру, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен және басқа да қажетті әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету ұсынылады. 2026 жылғы жағдай бойынша Атырау қаласында 88 мектеп және 153 балабақша бар. Перспективалық кезеңге (2040 жылға) жобада қосымша 70 мектеп (жалпы саны – 158 объект) және 118 балабақша (жалпы саны – 271 объект) салу ұсынылады. Сонымен қатар, бас жоспар жобасында 24 саяжай серіктестігінің аумақтарын жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) ауыстыру көзделген. Қалған саяжай серіктестіктерін ЖТҚ ауыстыру қарастырылмаған, себебі олар жоспарлау шектеулері бар аймақтарда, оның ішінде магистральдық мұнай және газ құбырларының күзет аймақтарында, су басу қаупі бар аумақтарда және қала құрылысы мақсатында пайдалануға өзге де шектеулер қойылған аумақтарда орналасқан. Аталған шектеулер тұрғын үй құрылысын орналастыруға кедергі келтіреді және олардың функционалдық мақсатын өзгертуге мүмкіндік бермейді. Бас жоспар жобасында ұзындығы 28,0 км болатын Солтүстік айналма автомобиль жолының құрылысы ескерілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оларды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ ұзындығы 53,0 км болатын Оңтүстік айналма автомобиль жолын салу көзделген. Бас жоспар жобасында ұзындығы 28,0 км болатын Солтүстік айналма автомобиль жолының учаскесін салу ескерілген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оларды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ ұзындығы 53,0 км болатын Оңтүстік айналма автомобиль жолын салу көзделген. Көлік инфрақұрылымындамыту шеңберінде көпірлерді, тоннельдерді, эстакадаларды, жол өткелдерін, су өткізу құбырларын, тіреу қабырғаларын және басқа да жасанды құрылыстарды салу көзделген. Қазіргі уақытта қалада 5 автомобиль көпірі пайдаланылуда. Жобада Жайық (Орал) өзені арқылы қосымша 6 автомобиль көпірін және 2 жаяу жүргіншілер көпірін салу көзделген. Оның ішінде жаяу жүргіншілер көпірлері қаланың орталық бөлігінде жоспарланған, мұнда қазіргі уақытта тек бір ғана жаяу жүргіншілер көпірі жұмыс істейді. Жобалау кезеңінде екі деңгейлі 5 көлік айрығын, бір деңгейлі 12 көлік айрығын және 6 эстакада салу көзделген. Жайық (Орал) өзені арқылы өтетін Орталық көпірді күрделі жөндеу немесе реконструкциялау жұмыстарына Қытайдың мемлекеттік Power Construction Corporation of China (Power China) корпорациясын тарту мүмкіндігі қарастырылуда. Балама нұсқа ретінде қолданыстағы көпірдің солтүстігінде жүру бөлігінің ені 14,0 м (әрқайсысы 3,5 м болатын 4 жолақ), екі жағындағы жол жиектерінің ені 1,0 м, жаяу жүргіншілерге арналған тротуары және велосипед жолы бар жаңа көпір салу ұсынылған. Екі деңгейлі көлік айрықтарын салудың жоғары құнын ескере отырып, балама шешім ретінде көше-жол желісінің қиылыстары мен түйіскен жерлерінде «ақылды бағдаршамдар» жүйесін енгізу ұсынылады. Қаланың қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының қуаттары Бас жоспарда көзделген халық санының болжамды өсуін және жаңа аумақтарды игеруді толық көлемде қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты жобада инженерлік қамтамасыз етудің барлық негізгі жүйелерін дамыту бойынша мынадай шешімдер қарастырылған. Қазіргі уақытта су тазарту құрылыстарының (СТҚ) қуаттылығы тәулігіне 80–120 мың м³ құрайды. Сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында мыналар жоспарлануда: ·Қолданыстағы объектілерді модернизациялау:№ 6 сүзгі станциясын, қуаттылығы тәулігіне 180 мың м³ болатын сорғы станциясын салу, сондай-ақ қолданыстағы су құбыры желілерін кеңейту және реконструкциялау. ·Жайық өзенінде жаңа су алу құрылыстарын салу:Еркінқала ауылында (тәулігіне 5 000 м³) және Талғайран ауылында (тәулігіне 30 000 м³.). ·Қосымша (екінші) сумен жабдықтау көзі ретінде Қиғаш–Маңғышлақ су құбырын пайдалану ұсынылады. Қаланың оң жағалау және сол жағалау бөліктерінде су бұру жеке кәріз жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Оң жағалаудағы кәріз тазарту құрылыстарының (КТҚ) жобалық өнімділігі тәулігіне 30 мың м³, ал сол жағалаудағы кәріз тазарту құрылыстарының жобалық өнімділігі тәулігіне 70 мың м³ құрайды. Қолданыстағы кәріз тазарту құрылыстарының қуаттылығы да жеткіліксіз. Қаланың перспективалық дамуына сәйкес су бұру жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралар көзделеді: ·жеке тұрғын үй секторын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу ·қолданыстағы оң жағалаудағы кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау (жұмыс жобасы әзірленген) ·есептік мерзімге қарай сол жағалаудағы кәріз тазарту құрылыстары кешенінің қуаттылығын тәулігіне 80 мың м³-ге дейін арттыру) ·қолданыстағы кәріз желілерін реконструкциялау және жаңа кәріз желілерін салу; Қолданыстағы екі кәріздік тазарту құрылысы үшін сарқынды сулардың перспективалық көлемін ескере отырып, оларды реконструкциялау және өнімділігін арттыру жобаларын әзірлеу қажет. Сонымен қатар, кәріз коллекторларын, сорғы станцияларын және кәріз желілерін салу және реконструкциялау көзделеді. Жылумен жабдықтаубойынша қолданыстағы жылу көздерінің қолда бар қуаттылығын арттыру, жылу желілерін реконструкциялау, сондай-ақ жаңа тұрғын аудандар мен перспективалық даму аумақтары үшін қосымша жылу көздерін салу көзделеді. Атырау қаласының есептік жылу жүктемелерінің өсімі жобалау кезеңдері бойынша: құрылыстың бірінші кезегінде – сағатына 271 Гкал; есептік мерзімге қарай – сағатына 397 Гкал құрайды. ·Қаланың жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Атырау қаласының бас жоспарын әзірлеуді экологиялық сүйемелдеу шеңберінде жобалық материалдар Қазақстан Республикасының Экология министрлігіне қарауға жолданды және қазіргі уақытта қаралу сатысында. Атмосфералық ауа «Қазгидромет» РМК стационарлық бақылау желісінің деректеріне сәйкес, атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылаған деп бағаланды. Атырау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздері: - «Атырауский нефтеперерабатывающий завод»ЖШС, - «АтырауЖЭО»АҚ, - «ҚазТрансОйл»АҚКасымоватындағыМАС, -«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, -«Спецавтобаза»ЖШС(ҚТҚполигоны). Ведомстволық томдардың деректеріне сәйкес, 2023 жылы Атырау қаласындағы I, II және III санаттағы кәсіпорындардан атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың жылдық көлемі 52 633,44 тоннаны құрады. Жобада «Атырау облысы бойынша экология департаменті» ММ ұсынымдарына сәйкес мұнай құю және төгу эстакадаларын, жуу-булау станцияларын, қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындарды («Атаким» ЖШС), мал базарын, сондай-ақ Атырау қаласының сол жағалау бөлігінде, Атырау–Астрахань автомобиль жолының бойында орналасқан «Атаба» ЖШС көкөніс қоймасын қала аумағынан көшіру жөнінде ұсыныстар берілген. Атырау–Орал автомобиль жолының 5 км қашықтықта орналасқан, қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын «Вест Дала» ЖШС-нің өндірістік объектілерін Қарабатан аумағына көшіру көзделген. Сондай-ақ жобада Атырау қаласының шегінде мұнай құю және төгу эстакадаларын салуға тыйым салу жөнінде ұсыныс берілген. Су ресурстары Қала аумағында өндірістік сарқынды суларды жинақтауға арналған екі тоған-жинақтауыш бар: солтүстік-батыс бөлігінде – «Квадрат» тоған-жинақтауышы, шығыс бөлігінде – «Тухлая балка» тоған-жинақтауышы. Қалалық сарқынды сулардың барлығы дерлік жинақтауыштарға тазартусыз жіберіледі. Соның нәтижесінде күкіртсутектің негізгі көзі болып табылатын, ауданы 1000 гектарды құрайтын жинақтауыш қалыптасқан. Онда органикалық заттардың, оның ішінде мұнай өнімдері бар кәріз сарқынды суларының шіру процестері жүреді. Қазіргі уақытта «Тухлая балка» сарқынды суларды буландыру тоғанын тазарту жұмыстары толық аяқталып, 2023 жылғы 26 желтоқсандағы актімен қабылданған. «Атырау қаласының оң жағалау бөлігіндегі кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялау» және «Квадрат» буландыру тоғанын тазарту жұмыстарының аяқталуы көзделген. Жобалардың тапсырыс берушісі – «Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ. ҚТҚ қалдықтары. «Тухлая Балка», «Квадрат» және Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) буландыру алаңдарынан бөлек, қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздерінің бірі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны болып табылады. Қазіргі уақытта Атырау қаласының қолданыстағы ҚТҚ полигоны шамадан тыс толған. Осыған байланысты жобада аталған полигонды жобалау кезеңінің бірінші кезегінде жауып, рекультивациялау ұсынылады. «Атырау қаласында ҚТҚ полигонын салу» жұмыс жобасына сәйкес, ауданы 48,8 га болатын жаңа ҚТҚ полигоны Қазақстан Республикасы Атырау облысының Махамбет ауданы аумағында, Атырау–Астрахань автомобиль жолының 18-шақырымында, Атырау қаласынан 16 км қашықтықта, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерде орналастырылады. Перспективалық кезеңде Атырау қаласынан ҚТҚ қаланың солтүстік-батыс бөлігінде салынып жатқан жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы аяқталғаннан кейін осы полигонға шығарылатын болады. Аталған жоба оның жобалық шешімдерін егжей-тегжейлі нақтылайтын кейінгі кезеңдердегі қала құрылысы құжаттамасын, атап айтқанда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және құрылыс салу жобаларын әзірлеуге негіз болады.

    Жарияланды: